Құқық қорғаушы Әсел Нұрғазиева қайтыс болды
Атыраулық белсенді әрі құқық қорғаушы Әсел Нұрғазиева өміпден озды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
«Сен құйын секілді – екпінді, ашық, адал өмір сүрдің. Ешкімнен де, ештеңеден де ықпадың. Сен Адам құқықтары үшін күрескен шынайы күрескерсің», — деп жазды журналист әрі қоғам қайраткері Гүлжан Ерғалиева.
Әсел Нұрғазиева ұзаққа созылған аурудан кейін Астана қаласында таңертең қайтыс болды. Ол 47 жаста еді. Өзінің белсенді құқық қорғау қызметімен, соның ішінде 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғаларына қатысты істер бойынша зардап шеккендерді қорғауымен танымал болды.
2016 жылы Әсел Нұрғазиева Атыраудағы жер митингілерінің бастамашыларының біріне айналды. Акцияға қатысушылар ұсталғаннан кейін ол оларды қорғау мақсатында қоғамдық комитет құруға қатысып, белсенділердің құқықтарының сақталуына дәйекті түрде қол жеткізді.
Әріптесі, құқық қорғаушы Тоғжан Қизатованың айтуынша, Әсел Нұрғазиева еңбек жолын прокуратура органдарында бастаған, бірақ көп ұзамай құқық қорғау саласына кеткен. Жаңаөзен бойынша сот процестерінде ЕҚЫҰ (ОБСЕ) атынан бақылаушы болып жұмыс істей жүріп, ол жай ғана бақылаушы болып қала алмай, адам құқықтарын белсенді қорғауға көшкен.
Әріптестері Әсел Нұрғазиеваның әділетсіздікке әрдайым өткір жауап қататынын, шетте қала алмайтынын және әлсіздер мен қорғансыз жандардың құқықтарын табанды түрде қорғағанын атап өтеді.