Ерекше
Тоқаев Мария Хаджиеваны лауазымынан босатты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мария Хаджиеваны қызметінен босатты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Ресми ақпаратпен бүгін Ақорда бөлісті.
“Мемлекет басшысының өкімімен Мария Жамаловна Хаджиева Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды”, – деп жазылған ресми ақпаратта.
Мария Хаджиева бұл қызметті 2019 жылғы желтоқсан айынан бері атқарып келді.
23 желтоқсанда Тоқаев Президент Әкімшілігінің көлік-логистика саласын дамыту бөлімінің меңгерушісін тағайындады.