«Orda» редакциясы алдына қаралы гүлшоқ пен бас редактордың фотосын қалдырып кеткен
Кеше белгісіз адамдар Orda.kz редакциясының кеңсесі алдына қаралы гүлшоқ пен бас редактор Гүлнәр Бажкенованың фотосын қойып кеткен, деп хабарлайды басылымның өзі.
“Бұл оқиға редакцияға көрсетіліп жатқан қысым жалғасып жатқан кезеңде болды. Бұған дейін желіде Гүлнар Бажкенованың қайтыс болғаны туралы жалған ақпарат тараған еді. Мұндай хабарламаларды тек журналистер ғана емес, оқырмандар да алған”, – деп хабарлайды Орда.кз.
1 желтоқсанда полиция Orda.kz сайтының Алматыдағы редакциясы мен бас редакторы Гүлнәр Бажкенованың үйінде тінту жүргізіп, ізінше Бажкенова “көпе-көрнеу жалған ақпарат тарату” күдігімен екі айға үйқамаққа алынған. Редакцияның бірнеше қызметкері тергеуден кейін босатылған еді.
Бұған дейін “Журналистерді қорғау комитеті” Қазақстан билігін “Орда” сайтының бас редакторы Гүлнәр Бажкеноваға тағылған айыпты алып тастап, басылымның еркін жұмыс істеуіне жағдай жасауға шақырды