Ерекше

Қазақстандықтар юань мен рубльге сұранысты күрт азайтты

Қараша айында айырбастау пункттерінде рубль сатып алу көлемі 18,6 млрд теңге болды. Бұл қазан айымен салыстырғанда 42%-ға аз, ол уақытта көрсеткіш 32,1 млрд теңгені құраған, деп хабарлайды Tizgin.kz kz.kursiv.media-ға сілтеме жасап.

АЛМАТЫ КӨШ БАСТАП ТҰР

Мұның алдында аталған ақпаратпен Ұлттық банк бөлісті. Соған сүйенсек, таза сатып алу деген айырбастау пункттеріндегі валюта сатып алу мен сату арасындағы айырмашылық. Сондағы негізгі үлес Астана тұрғындары еншісінде – 12,6 млрд теңге. Ары қарай Алматы – 4,7 млрд теңге, Ақтөбе облысы – 2,2 млрд теңге, Шымкент – 1,3 млрд теңге.

Осы кезде айырбастау пункттеріндегі доллардың таза сатылымы 234,7 млрд теңгені құрады (қазан айында – 232,8 млрд теңге). Сұраныстың жартысына жуығы Алматыға тиесілі – 103,1 млрд теңге. Басқа ірі қалалар мен өңірлер бұл көрсеткіштен айтарлықтай артта қалып отыр: Шымкент – 36,6 млрд теңге, Астана – 16,8 млрд теңге, Маңғыстау облысы – 11 млрд теңге, Ақтөбе – 9 млрд теңге, Атырау – 8,6 млрд теңге, Қостанай – 8,3 млрд теңге, Қарағанды облысы – 6,2 млрд теңге.

ДОЛЛАРҒА ҚЫЗЫҚПАЙТЫН АЙМАҚТАР

Долларға ең аз қызығушылық танытқан өңірлер – Ұлытау облысы (596 млн теңге), Абай облысы (775,2 млн теңге) және Алматы облысы (905,3 млн теңге). Осылайша, елдегі орташа жалақысы жоғары өңірлердің бірі саналатын және мыс пен басқа да металдар өндіретін Ұлытау облысы тұрғындары таза есеппен нарықтық курс бойынша $1 млн-нан сәл астам доллар сатып алған. Қазіргі Ұлттық банк бағамы 1 доллар үшін 512,81 теңге.

Еуро бойынша қарашадағы таза сатылым 14,2 млрд теңгені құрады (қазан – 13,9 млрд теңге), оның ішінде Алматы – 5 млрд теңге, Астана – 3,6 млрд теңге, Шымкент – 1 млрд теңге, Қарағанды облысы – 692,7 млн теңге.

ЮАНЬ САТЫЛЫМЫ ДА ТӨМЕНДЕДІ

Британ фунтының таза сатылымы 421,5 млн теңге болды (қазан – 249,1 млн теңге), оның ішінде Алматы – 261,2 млн теңге, Астана – 94,6 млн теңге, Батыс Қазақстан облысы – 33,4 млн теңге.

Қытай юанінің таза сатылымы қарашада 135,4 млн теңгеге дейін төмендеді (қазан – 419,2 млн теңге). Астанада 40,6 млн теңге, Алматыда 28,1 млн теңге, Қарағанды облысында 17,9 млн теңге, Қостанай облысында 13,1 млн теңге, Павлодар облысында 11,2 млн теңге сатылған.

Back to top button