Оқу-ағарту министрлігінің орта білім беру комитеті төрағасы Қаныбек Жұмашев елдегі мектептерде директордың қызмет ету мерзімі шектелетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
“10 жылдан астам басшылық қызметте отырған мектеп басшылары бар. Алдағы уақытта ротациялау ережесіне біз өзгеріс енгізіп жатырмыз. Соған сәйкес, болашақта мектеп басшылары 5 жылдан екі рет, яғни толыққанды 10 жыл бір мектепте директор бола алады. Содан кейін ол ары қарай мектеп басқаруға жатпайды», – дейді Қаныбек Жұмашев.
Комитет басшысының сөзінше, бір елдімекен аумағында ғана ротация жүргізіледі. Ротация мектеп басшылары үшін қазір 7 жыл мерзімді құрап отыр.