2026 жылдан бастап оқу ақысы қымбаттайды
Келер жылы Қазақстандағы ЖОО-ларда оқу ақысы мөлшерін университеттердің өзі бекітеді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова Сенат кулуарында өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz kz.kursiv.media-ға сілтеме жасап.
ҰСЫНЫМ БЕРІЛІП ОТЫРАДЫ
Вице-министрдің сөзінше, ақылы бөлімдегі оқу бағасын белгілеу – жоғары оқу орындарының өз құзыретіндегі мәселе.
Алайда министрлік баға қалыптастыру барысында қазіргі экономикалық жағдайды ескеруге қатысты ұсынымдар беріп отырады», – деді Көбенова.
Оның айтуынша, алдыңғы жылдары оқу ақысының өсімі өткен кезеңмен салыстырғанда 5-7 пайыздан аспаған.
МИНИСТРЛІК БАҒА САЯСАТЫНА АРАЛАСПАЙДЫ
2026 жылға арналған оқу ақысы бойынша жоғары оқу орындарына қандай да бір ұсынымдар берілді ме деген нақтылаушы сұраққа Гүлзат Көбенова бұл мәселе әзірге талқыланбағанын айтты.
«Жалпы, баға қалыптасқан дәстүрден жаңылмай, бұрынғы деңгейде қалады деп ойлаймын», — деп толықтырды ол.
Вице-министр оқу ақысының өзгеруі жоғары оқу орындарының тікелей құзыретіне жататынын атап өтіп, министрлік олардың баға саясатына араласпайтынын баса айтты.