Ерекше

Ұлттық банк талаптары басқа банктерге несімен тиімсіз – сарапшы жауап берді

Қыркүйек айынан бастап енгізілген ең төменгі резервтік талаптардың (ЕТР) көтерілуінен қазақстандық банктерге төрт ай ішінде 100 млрд теңгеден астам пайыздық табысынан айырылды. Бұл туралы «Ручная экономика» басылымына Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының бас сарапшысы Рамазан Досов мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz kz.kursiv.media-ға сілтеме жасап.

РЕЗЕРВТІК ТАЛАПТАРДЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНЕ ӘСЕРІ

Оның айтуынша, нормативтердің қатаңдатылуынан банк жүйесіндегі өтімділік айтарлықтай өзгерді. Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттың орташа көлемі қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда 3,5 еседен астам өсіп, 725 млрд теңгеден 2,5 трлн теңгеге жеткен. 1,8 трлн теңгеден асатын бұл айырма, резервтеу жөніндегі жаңа талаптар салдарынан экономикалық айналымнан шығарылған өтімділікке айналды.

Бұл қаражат банктерге пайыздық табыс әкелмейтін көрінеді. Досовтың айтуынша, соның салдарынан қыркүйек-желтоқсан айларында банктер табысын жоғалтты. Таза пайыздық маржа төмендеген әрі баланс басқару тиімділігі нашарлаған. Жаңа ЕТР енгізілгеннен кейінгі екі ай ішінде маржа 7,04%-дан 6,94%-ға дейін қысқарған.

«Негізінде, ең төменгі резервтік талаптар банктік жүйеге жасырын салық ретінде әсер етіп отыр. Өтімділікті табыстылықты өтемей-ақ айналымнан шығарып, табыстылық пен кредиттік белсенділікке қысымды күшейтеді», – деп түсіндірді аналитик.

ҚАУЫМДАСТЫҚ ҚАЛАЙ БАҒАЛАДЫ

Сонымен қатар Ұлттық банктің операциялары бойынша ашық позиция да 7,7 трлн теңгеден 5,8 трлн теңгеге дейін төмендеді. Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы бағалауынша, бұл қаржы жүйесіндегі еркін ресурстардың азайғанын аңғартады.

Ақша нарығында жаңа талаптарға көшкеннен кейін TONIA мөлшерлемесі бір ай бойы пайыздық дәліздің төменгі шегінен жоғары деңгейде сақталған. Сарапшы пікірінше, бұл банктер арасында қайта бөлінетін қолжетімді өтімділіктің азайғанын аңғартады.

 

Back to top button