Қазақстанда кейбір әлеуметтік төлем ұлғаяды
Елде кейбір әлеуметтік төлемге қатысты Үкімет қаулысы күшіне енді, деп хабарлайды Tizgin.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
ТӨЛЕМДЕР ҚАЛАЙ ЕСЕПТЕЛЕДІ
«2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер мөлшерін арттыру туралы» құжатқа сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдер 10 пайызға ұлғайтылатын болады. Өсім алынып отырған төлемнің қолданыстағы мөлшеріне қатысты есептеледі.
Қазақстанда еңбекке қабілеттілігі мен асыраушысынан айырылу бойынша төлемдер әр азаматқа жеке есептеледі. Олардың көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейіне, әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және мүгедектік тобына (еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайында), ал асыраушысынан айырылу кезінде – асырауындағы адамдар мен қайтыс болған адам жалақысына байланысты айқындалады.
Бұған дейін 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын алғысы келетін азаматтар үшін жеткіліктілік шегінің де ұлғайтылатыны белгілі болған еді.