ЕрекшеСпорт

Махмұд Сабырхан әлемнің үздік бес боксшысы қатарына кірді

World Boxing 2025 жылдың үздік боксшысы атағына үміткер бес спортшының тізімін жариялады.

Бұл тізімге Қазақстаннан шыққан әлем чемпионы Махмуд Сабырхан да енді.

Әлемдегі басты бокс ұйымы – World Boxing әуесқой бокста жылдың үздік ер және әйел спортшысын анықтау үшін дауыс беруді бастады. Аталған ұйымды қазақстандық боксшы Геннадий Головкин басқарады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, марапат иегерлері әлеуметтік желілерде өтіп жатқан көрермендер дауыс беруі арқылы анықталады.

Жылдың үздік боксшысы атағына үміткерлер тізімі:

  • Фазлиддин Эркинбоев (Өзбекстан);

  • Жавохир Умматалиев (Өзбекстан);

  • Луис Оливейра (Бразилия);

  • Юри Фалькао (Бразилия);

  • Махмуд Сабырхан (Қазақстан).

Жылдың үздік боксшысы әйел атағына ұсынылған үміткерлер:

  • Джайсмин Ламбория (Үндістан);

  • Минакши Худа (Үндістан);

  • Суннива Хуфстад (Норвегия);

  • Наталья Богданова (Қазақстан);

  • Агата Качмарская (Польша).

Еске салайық, 2025 жылы қазақстандық боксшы Махмуд Сабырхан кәсіби мансабында екінші рет бокстан әлем чемпионатын жеңіп алды. Ливерпуль қаласында өткен турнирдің финалында ол испаниялық Рафаэль Лосано Серраноны 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіп, 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанды.

Back to top button