ЕрекшеЖаңалықтарЭкономика

Оңтүстіктен солтүстікке көшкендерге енді 7 млн теңгеден беріледі

Қазақстанның солтүстігіне қоныс аударғысы келетін азаматтарға, қандастарға 2026 жылдан бастап баспана алу үшін берілетін біржолғы төлем 1 160 АЕК-тен 1 625 АЕК-ке дейін ұлғайтылады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ҚАНША АДАМ ҚОНЫС АУДАРДЫ

Ұлттық статистика бюросының 2025 жылдың 9 айындағы деректері бойынша Қазақстанның солтүстігіне 1 326 мың адам қоныс аударған. Оның ішінде облысаралық қоныс аударуда – 619 адам (бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңінен 22,7%-ға жоғары (1 080 мың адам) көшкен. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы Асқарбек Ертаевтың жауабында жазылған.

Асқарбек Ертаев. Фото: ОКҚ

“Ерікті түрде қоныс аудару тетігі – оңтүстік өңірлерден солтүстік өңірлерге еңбек ресурстарын қайта бөлуге және жұмыс іздеп жүрген адамдарға, жұмыссыздарға жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге бағытталған негізгі шаралардың бірі. Мәселен, ерікті түрде қоныстандыру бағдарламасын іске асырған сәттен бастап қоныстандыру өңірлеріне 66,2 мың адам қоныс аударды, оның ішінде 3,6 мың адам немесе 6% – ы қайтып оралды”, – дейді Ертаев.

ЖАҢАША ТӨЛЕМ

Қоныс аударушылар мен қандастарды бейімдеу және интеграциялау бойынша қабылданған шаралар олардың қайтып оралу деңгейін нөлге дейін төмендетуге ықпал еткен. Бұдан басқа ауылдық елді мекендерде тұрғын үй сатып алу үшін
экономикалық мобильдік сертификаты немесе облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда тұрғын үй сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарна енгізілген.

“Биыл тұрғын үй нарығын талдау нәтижелерін ескере отырып, оның мөлшері 1 160 АЕК-тен 1 625 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Енгізілген өзгерістер сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтң Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарының қорытындылары бойынша берілген тапсырмалармен де сәйкес келеді және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді”, – дейді Ертаев.

Бірыңғай платформада ішкі көші-қон процестерін автоматтандыру көзделген migration.enbek.kz. Бұл үдеріс бюрократиялық кедергілерді жоюға бағытталған жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге көшіру тетігін оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Back to top button