13 желтоқсанда Павлодар қаласы бағытындағы Астана – Ерейментау – Шідерті автожолының 94-95 шақырымында жеті автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Ақмола облысының полиция департаментінің мәліметі бойынша, алдын ала мәліметтерге сәйкес, жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам әртүрлі дене жарақатымен медицина мекемесіне жеткізілген. Бір жолаушы оқиға орнында көз жұмған.
“Аталған дерек бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданады”, – делінген хабарламада.
Полиция департаменті жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жол қозғалысына қатысушыларды, әсіресе қозғалыс қарқынды учаскелерде, жылдамдық режимін сақтауға, сондай-ақ көлік құралдарының техникалық жағдайын бақылауға шақырады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram