$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
ЕрекшеЖаңалықтар

Қайтарылған активтер есебінен СҚО-да бір ауылға су тартылды

Бас прокуратураның мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысының Бірлік ауылында қайтарылған активтер есебінен ауыз су тартылған, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында мемлекетке қайтарылған активтерді пайдалана отырып, білім беру, денсаулық сақтау және коммуналдық шаруашылық салаларында 39 әлеуметтік жоба жүзеге асырылып жатыр. Сондай жобалардың бірі ауыл тұрғындарын сапалы ауыз суға қолжетімділікпен қамтамасыз ету болды.

“Есіл ауданы Бірлік ауылында прокуратура органдары  қайтарған активтер есебінен жүзеге асырылған су құбырының құрылысы аяқталды. Ашылу салтанатына аудан прокуроры Т.Салпықов, аудан әкімі М.Мұхамедьяров, қоғам өкілдері, ақсақалдар мен ауылдың құрметті тұрғындары қатысты. Желтоқсан айынан бастап су құбыры жұмыс істеп, тұрғындарды орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етіп жатыр”, – делінген хабарламада.

Жобаны жүзеге асыру халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және елді мекеннің тұрақты дамуы үшін жағдай жасаудағы маңызды қадам болған.

АЯН ӨРІБАЙ

Аян Өрібай – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының бас редакторы, Tizgin ЖШС директоры. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын ШҚО Ақпараттық орталығында маман болып бастап, Өскемендегі облыстық «Менің Өлкем» жекеменшік газетінде тілші қызметін атқарған. Кейін Астанадағы «ҚазАқпарат» ХАА-да тілші, Ulysmedia.kz порталында арнайы тілші болып еңбек еткен. «Үркер» ұлттық сыйлығының иегері.
Back to top button