Ерекше
Хромтау әкімінің ісі сотқа жетті
Қараша айында пара алды деген күдікпен қамауға алынған Хромтау әкімі Сағындық Шабықбаевқа қатысты тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілді, деп хабарлайды Tizgin.kz diapazon.kz-ке сілтеме жасап.
«Қарашада Хромтау әкімі Сағындық Шабықбаев парақорлық ісі бойынша қамауға алынған еді. Тергеу жұмыстары аяқталып, іс сот қарауына өткізілгені белгілі болды», — делінген хабарламада.
Хромтау әкімінің ісі бойынша алғашқы сот отырысы 11 желтоқсанда Хромтау ауданы сотында өтеді деп жоспарланған.
Сағындық Шабықбаев 2023 жылы сайлауда жеңіске жетіп, қала әкімі қызметіне кіріскен болатын.