Ерекше

КҚК-ға жасалған шабуылдардан кейін Қашаған мұнайы Қытайға бағытталады

Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумы (КҚК) инфрақұрылымына жасалған дрондық шабуылдардан кейін Қашаған кен орнынан өндірілетін мұнайдың экспорттық бағыттарын қайта қарауға кірісті, деп хабарлайды Tizgin.kz  kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, КҚК-ның теңіз терминалына жасалған шабуылдар мұнай экспортын толық тоқтатпаған. Қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, жұмыс істеп тұрған порт инфрақұрылымы арқылы жөнелту жалғасып жатыр.

Қазіргі уақытта министрлік жүк жөнелтушілермен бірлесіп, мұнай көлемдерін жедел түрде қайта бөлу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Соның ішінде Қашаған мұнайының белгілі бір бөлігі Қытайға бағытталды. Ахуал Энергетика министрлігінің тұрақты бақылауында болады, – деп атап өтті ведомстводан.

Бұған дейін Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылға байланысты Қазақстан наразылық білдірген еді.

Back to top button