Бұл қызметті ол 2018 жылдан бері атқарып келді, деп хабарлайды Tizgin.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
Қызметтен кететіні туралы Айбек Смадияров журналистерге ведомствода өткен брифингте айтты.
Осы күнге дайын болдым. Бұл аяқ астынан қабылданған шешім емес, өзімнің жеке шешімім. Сегіз жыл бойы осы мінберден ақпарат беріп келемін… Осы жылдары еліміз сыртқы саясатта талай кезеңнен өтті, талай күрделі сұрақ болды. Сіздердің арқаларыңызда Қазақстанды әлем танып жатыр. Сыртқы істер министрлігіне әрдайым зор қолдау көрсеттіңіздер, – деп журналистерге алғыс білдірді.