Украинаның КТК-ға шабуылы: СІМ мәселені Венада көтерді
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Венада өткен ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлер кеңесі отырысы аясында украиналық тараппен Каспий Құбыр Консорциумы (КҚК) нысандарына жасалған шабуылдар мәселесін қозғады, деп хабарлайды Tizgin.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
Мәліметті Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен брифингте растады.
Қазақстанның сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Венаға жұмыс сапары барысында ЕҚЫҰ СІМ кеңесінің аясында Украина сыртқы істер министрімен қысқа пікір алмасу форматында кездесті. Өкінішке қарай, мен бұл кездесуге тікелей қатыспадым. Бірақ жақын жерде болдым және КҚК мәселесінің талқыланғанына сенімдімін. Бұл тақырыпқа қатысты қосымша түсініктеме бермейміз. Украина тарапымен байланыс орнатылған, әрі қарай жұмысты жабық дипломатиялық арналар арқылы жалғастырамыз, – деді ол.
Еске сала кетейік, КҚК нысандарына соңғы шабуыл 29 қараша күні Астана уақытымен 06:06-да жасалды. Новороссийск порты маңындағы Каспий Құбыр Консорциумының теңіз инфрақұрылымына экипажсыз су көліктері арқылы шабуыл жасалған.
Оқиға Қазақстан Республикасы Үкіметінің ерекше бақылауына алынған болатын.