Ерекше

Тоқаев Ұлттық банкке инфляцияны төмендетуді тапсырды

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Президентке есеп беріп, бірнеше тапсырма алды, деп хабарлайды Tizgin.kz BES.media-ға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тимур Сүлейменовке инфляцияны төмендетудің маңызын ерекше назарда ұстауды тапсырды. Ақорданың хабарлауынша, мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасын бүгін қабылдады. Тоқаев экономика мен қаржы жүйесінің жағдайы, жүргізіліп жатқан ақша-несие саясатының негізгі бағыттары мен 2026 жылға арналған жоспарлар туралы есеп тыңдады.

СҮЛЕЙМЕНОВ НЕ АЙТТЫ

  • Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2026-2028 жылдарға арналған макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыра бастады.
  • Жыл басынан бері Ұлттық қордың валюта активтері 4,8 млрд долларға артты.
  • 11 айдағы инвестициялық кіріс 8,2 млрд долларды, немесе 13,7%-ды құрады.
  • Осы кезеңде алтын-валюта резервтері 16,3 млрд долларға, яғни 36%-ға өсіп, 62,1 млрд долларға жетті.
  • БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері жыл басынан бері 2,6 трлн теңгеге (+11,7%) өсіп, 25 трлн теңгені құрады.
  • Ұлттық банк бағаны тұрақтандыру және инфляцияны орта мерзімді мақсат – 5% деңгейіне түсіру үшін қажетті барлық шараны қабылдап жатыр.
  • Сонымен қатар реттеуші цифрлық жобаларды жүзеге асыруда. Оның ішінде Антифрод орталығының жұмысы мен ұлттық цифрлық қаржылық инфрақұрылымды дамыту бар.

ТОҚАЕВ ТАПСЫРМАСЫ

  • инфляцияны төмендетуге баса мән беру;
  • қаржы нарығының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету;
  • сектордағы цифрлық трансформацияны жеделдету.

8 желтоқсанда Ұлттық банк 2026 жылға арналған базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер кестесін бекітті. Келесі жылы базалық мөлшерлеме жөнінде сегіз шешім қабылданбақ, төртеуі болжамдық раунд нәтижесіне негізделеді.

Реттеушінің ақша-несие саясаты жөніндегі комитетінің алғашқы отырысы 23 қаңтарда өтеді.

Back to top button