Әбенов физика, химия пәндерін біріктіріп оқытуға қарсы
Мәжіліс депутаты, бұрынғы математика пәні мұғалімі Мұрат Әбенов 2026-2027 оқу жылынан бастап енгізілмек болған жаңа мектеп реформасын қатаң сынға алды, деп хабарлайды Tizgin.kz kz.kursiv.media-ға сілтеме жасап.
ДЕПУТАТ НЕ ДЕДІ
Оның айтуынша, Оқу-ағарту министрлігі физика, химия және биология пәндерін бір ғана «жаратылыстану» пәніне біріктіруді, ал алгебра мен геометрияны «математика» деген ортақ атаумен оқытуды жоспарлаған. Мұндай өзгеріс қазақстандық оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы дайындығын одан әрі әлсірететін көрінеді. 2022 жылы физика, химия және биология пәндерінің апталық жүктемесі 6 сағаттан 5 сағатқа қысқартылғанын еске салған депутат, сол кезде бағдарламадан тұтас тақырыптар алынып тасталып, лабораториялық жұмыстар мүлдем жоғалғанын айтты.
«Мен бес жыл бойы мемлекеттік гранттарды бөлу комиссиясының құрамындамын. Не көріп жүрмін? Техникалық мамандықтарға студенттер бармайды. Себебі – жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша білім өте әлсіз. Ал білім жүйесі бұл қателіктерді түзетудің орнына, жағдайды нашарлатып жатыр», – деді депутат.
Әбеновтың реформаны бастама еткендерді ешқашан қарапайым мектепте жұмыс істемеген адамдар деп есептейді. Олардың мүлде басқа жағдайда жұмыс істейді: екі ауысымдағы мұғалім, сағаттары толық және қымбат жабдықталған зертханалар бар. Ал елдегі 8 мың қарапайым мектепте мұндай мүмкіндік жоқ.
ҰБТ БАҒДАРЛАМАСЫН ӨЗГЕРТУ КЕРЕК ПЕ
Депутаттың есебінше, реформа іске асса, онда: оқулықтарды жедел қайта жазу, 100 мың мұғалімді қайта даярлау, шамамен 20 мың педагогты қысқарту немесе жүктемесін азайту, ҰБТ мен университет бағдарламаларын өзгерту қажет болады.
«Жаңа министрмен осы асығыс, ойланбаған реформалар туралы сөйлестім. Назарбаев зияткерлік мектебіндегі екі теоретик осы бағдарламаларды тықпалап отыр. Оның да тегін емес екеніне сенімдімін – оларда дайын жеке баспалардың оқулықтары бар, Наразбаев зияткерлік мектебі үшін жазылған. Физикті биолог етіп, биологты физик етіп қайта оқыту курстары да дайын. Ертең сабақтарды онлайн өткізейік деп, қаржыны қалталарына басқылары келмесіне кім кепіл?» — деді Әбенов.
Депутаттың айтуынша, жаңа оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Алтынсарин атындағы Білім академиясы басшысын және оның Назарбаев зияткерлік мектебінен келген орынбасарын қызметтен босатып, даулы бағдарламаны әзірге тоқтатқан. Енді реформа тек жекелеген мектептерде ғана тәжірибе ретінде сынақтан өтеді. Ал Әбенов өзгерістерді толықтай жоюды қолдайды.
«Толықтай алып тастауды қолдаймын. Бірақ регламент бойынша бұлай жасау мүмкін емес. Себебі, егер бұл бағдарламадан бас тартсақ, басқа баламасы жоқ. Академия ақша жұмсап қойды, оны жоққа шығару – бюджет шығынын мойындау деген сөз», — деді ол.