ЕрекшеЖаңалықтар
Түнгі 00:00-ден кейін көлікке рұқсат ету жылдамдығы 66 км/сағ болатыны рас па
Ішкі істер министрлігі «00:00-ден кейін рұқсат етілген жылдамдық 66 км/сағ болатыны» жөнінде таралып жатқан хабарлама фейк деп мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Мессенджерлерде бұған дейін осындай ақпарат тарап кеткен еді:

ІІМ-нің хабарлауынша, мұндай өзгерістер енгізілмеген.
“Елді мекендерде жеңіл автокөліктер үшін рұқсат етілген стандартты жылдамдық – 60 км/сағат. Камералар жылдамдықты 70 км/сағ және одан жоғары болған кезде ғана тіркей бастайды”, – делінген ескертуде.
ҚҰзырлы орган тексерілмеген хабарламаларға сенбей, ресми ақпаратқа жүгінуге, жол жүрісі қағидаларын сақтап, мұқият болуға шақырады.