ГеосаясатЕрекшеЖаңалықтар

Қазақстан КТК терминалына шабуылдаған Украинаға нота жолдады

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің Украина билігіне наразылық нотасы жексенбі күні таңертең жарияланды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Сыртқы саяси ведомство бұл оқиға халықаралық құқық нормаларымен қорғалатын азаматтық нысанға қарсы жасалған үшінші агрессиялық акті болып отырғанын еске салды. Жаһандық энергетикалық нарықтың жауапты қатысушысы ретінде Қазақстан энергия ресурстарын тұрақты әрі үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуге ерекше мән беретенінін атап өтті.

“Каспий құбыр консорциумы әлемдік энергетикалық жүйенің тұрақтылығын сақтауда айрықша орын алатынын атап өтеміз” деп жазылған хабарламада.

Сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаны Қазақстан мен Украинаның “екіжақты қатынастарына залал келтіретін әрекет ретінде” бағалайтынын, украин жағынан “мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу бойынша нақты шаралар қабылдайтынын күтеміз” деп жазған.

ШАБУЫЛ ЖАЙЛЫ

29 қарашада Украинаның экипажсыз катерлері Новороссийскідегі Каспий құбыр консорциумының (КТК) теңіз терминалының айлақ құрылғысын істен шығарды. Соның салдарынан мұнай тиеу тоқтатылған.

Ал биыл жазда украин дрондары КТК инфрақұрылымына шабуыл жасағаннан кейін консорциум басшылығы Украинаны сотқа беретінін мәлімдеген. Сол кезде қазақстандық бірнеше депутат та Украинаның мұнай құбырына жасаған шабуылын агрессия деп айыптап, оны жауапқа шақыруға үндеген.

Back to top button