Балалар тісін емдеу үшін наркоз беріле береді – ДСМ
Денсаулық сақтау министрлігі (ДСМ) Қазақстанда балалардың тістерін емдеу үшін наркозды қолдануды шектеуді жоспарлап отырған жоқ, деп хабарлайды Tizgin.kz kaztag.kz-ке сілтеме жасап.
Мұның алдында ресми ақпаратты Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Тимур Сұлтанғазиев айтқан.
«Стоматологиялық көмек көрсетудің ұйымдастыру стандарттары мен халықаралық ғылыми тәжірибедегі дәлелді медицинаға сәйкес әзірленіп, бекітілген тиісті клиникалық хаттамалар бар. Денсаулық сақтау министрлігі бұл іске сырттан шектеу қоюды көздемейді», – деді бейсенбі күні сенатта өткен брифингте Сұлтанғазиев.
Денсаулық сақтау министрлігінің пікірінше, емдеуге көрсетілімдер болса және бала ауырсынуға шыдамаса, наркоз беруге болады.
«Дәрігер баланың жағдайына және оның ауруды көтере алуына байланысты шешімді жеке қабылдауы керек. Сондықтан, дәрігер ең алдымен тиісті ауырсынуды басатын дәрілерді беруі керек», – деп атап айтты спикер.
Ол, сондай-ақ, наркозды енгізу процесін дұрыс үйлестіру және баланың жағдайын бақылау маңызды екенін атап өтті.