Ерекше
Абай облысында бюджет қаржысын жымқырған әкім сотталды
Қоғамдық жұмыстарға бөлінген 500 мың теңгеден астам қаражатты жымқырғаны үшін ауылдық округтің бұрынғы әкімі үш жыл алты айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Tizgin.kz kaztag.kz-ке сілтеме жасап.
Мұның алдында аталған ақпаратпен Бас прокуратураның баспасөз қызметі бөлісті.
«Үржар ауданы прокуратурасы ауылдық округтің бұрынғы әкімі қоғамдық жұмыстарға бөлінген 500 мыңнан астам қаржыны жымқырғанын анықтады. (…) Сот үкімімен бұрынғы әкім ҚР ҚК 190-бабы (алаяқтық) бойынша үш жыл алты айға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды», – делінген хабарламада.
Сот үкімі заңды күшіне енді. Мемлекетке келтірілген залал толық өтелді.