Ерекше

Сот «Дикий Арман» мен жақтастарының жазасын жеңілдетпеді

Қаңтар оқиғасына қатысты іс бойынша апелляция соты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Дикий Арман мен оның серіктерінің жазасы жеңілдетілмеді, деп хабарлайды Tizgin.kz Orda.kz-ке сілтеме жаса.

Апелляциялық алқа Қаңтар оқиғасы бойынша қаралған іс жөнінде шешім шығарып, Арман Жұмагелдиев, бұрынғы мәслихат депутаты Қайрат Құдайберген және ҰҚК-ның бесінші департаментінің экс-басшысы Руслан Ысқақовқа тағайындалған жазаларды азайтудан бас тартты.

Бұған дейін сот оларды жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру және оған қатысу, адамдарды ұрлау және қаруды заңсыз сақтау қылмыстары бойынша кінәлі деп тапқан.

Нәтижесінде Дикий Арман 20 жылға, Құдайберген сегіз жылға, ал Ысқақов 15 жылға бас бостандығынан айырылған.

Back to top button