Ерекше

Украина Орынбор газ өңдеу зауытына соққы жасады – ҚР СІМ алаңдаулы

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ресейдегі Орынбор газ өңдеу зауытын украиналық дрондардың нысанаға алуы Қазақстанға қандай шығын әкелгені туралы пікір білдірді, деп хабарлайды  Tizgin.kz kz.kursiv.media-ға сілтеме жасап.

Смадияровтың айтуынша, министрлік Украинаға бұл мәселеге алаңдаулы екендіктерін жеткізген.

«Бұған дейін айтқанымдай, біз украиналық тараппен тұрақты байланыстамыз және алаңдаушылығымызды үнемі жеткізіп отырамыз. Дегенмен бұл мәселені Энергетика министрлігі мен “ҚазМұнайГаз” компаниясы тереңірек қарастырып жатыр. Өз тарапымыздан дипломатиялық арналар арқылы барлық қажетті ақпарат пен ұстанымымызды міндетті түрде жеткіземіз», – деді министрлік өкілі.

Бұған дейін энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Карашығанақ кен орнында өндіріс көлемі төмендеп, Қазақстан газының Орынбор газ өңдеу зауытына жеткізілімі қысқарғанын хабарлаған болатын. Бұл жағдай газ өңдеу зауытына украиналық дрондар шабуыл жасағаннан кейін туындады.

Back to top button