Балаларын терезеден лақтырып жіберген әйел жазасыз қалды
Қылмыс жасалған кезде әйел не істеп, не қойғанын білмеген, деп хабарлайды Tizgin.kz Informburo.kz-ке сілтеме жасап.
ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН НЕГЕ БОСАТТЫ
Жергілікті Pavlodarnews.kz мәліметінше, Павлодарда екі баласын бесінші қабаттан лақтырып жіберген әйел қазан айының басында жіберілген арнайы психиатриялық стационарда емін жалғастырады. Сөйтіп, 34 жастағы айыптыны қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы шешім шықты. Оған қылмыс кезінде есі дұрыс болмағаны негіз болған.
МӘН-ЖАЙЫ
Қайғылы оқиға 30 шілдеде Павлодардың Нұрмағамбетов көшесінде болған. Әйел екі баласын бесінші қабаттан лақтырып жіберіп, артынша өзі де терезеден секірген. Үшеуі де подъезд маңдайшасына құлады.
Бір жарым жастағы сәби 1 тамызда көз жұмды. Ал үлкені ауруханадан тамыздың ортасында шығарылып, кейін оңалтуға жіберілді. Жеті жастағы бала Екібастұз маңындағы ауылдардың бірінде тұратын туыстарына тапсырылған.