Елде ет бағасы неге қымбаттады – сенатор себебін түсіндірді
Сенатор Ольга Булавкина биыл қыркүйек айында ет пен ет өнімдерінің бағасы 19,1%-ға өсіп, айтарлықтай қымбаттағанын хабарлады, деп хабарлайды Tizgin.kz kz.kursiv.media-ға сілтеме жасап.
БАҒА ӨЗГЕРІП ТҰРАДЫ
Сенатордың айтуынша, еттің қымбаттауына тарифтердің өсуі, жем-шөп бағасының қымбаттауы, экспортқа жоғары сұраныс және делдалдардың белсенділігі себеп. Фермерлер үшін ішкі нарықтан гөрі шетелге ет сату тиімдірек, себебі сыртқы нарықтағы баға әлдеқайда жоғары.
«Ахуды тұрақтандыру мақсатында биыл мамыр айынан бастап аналық мал мен бұқашықтарды экспорттауға уақытша тыйым салынды. Бұл шектеу 2025 жылдың қазан айының соңына дейін күшінде болады», — деді Булавкина.
Оның сөзінше, ет қазақстандықтардың тұтыну себетінің шамамен 22%-ын құрайды. Сондықтан бағаның өсуі табысы төмен, әлеуметтік әлсіз отбасыларға ерекше ауыр тиіп отыр.
ШАРА ҚАБЫЛДАУ ҚАЖЕТ
Сенатор фермерлерге қолдау көрсету қажет екенін атап өтті. Оның пікірінше, бұл мәселе үкімет тарапынан жай ғана алаңдау емес, алдын ала ойластырылған, стратегиялық бюджет саясатын талап етеді.
Сондай-ақ ол соңғы бір жылда өсімдік майының 19,5%-ға, коммуналдық қызметтердің 17,4%-ға, ақылы қызметтердің 15,3%-ға, ал көкөніс пен жеміс-жидектің 12,6%-ға қымбаттағанын жеткізді.