Ерекше
Шавкат Рахмонов UFC-ге қашан оралады
DAR Team бас бапкері Эдуард Базров UFC-дің Шавкат Рахмоновтың (19–0) қазіргі жағдайы мен дайындығы туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Tizgin.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.
Оның сөзінше, Шавкат осы күнге дейін жаттығуын тоқтатқан емес, үнемі бабында.
Енді ол Катарда жаттығуын жалғастырады. Оның қазіргі спорттық формасы жөнінде ашып айтқым келмейді. Бұйырса, келесі жылы өздеріңіз көресіздер. Барлығы жақсы болады деп үміттенемін, «Номадты» жаңа маусымда қайта октагонда көреміз, — деді бапкер.
Айта кетейік, Рахмонов соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсанында UFC 310 турнирінде өткізіп, ирландиялық Иэн Гэрриді жеңген еді. Жартылай орта салмақтың жаңартылған рейтингінде қазақстандық файтер төртінші орынға тұрақтап тұр.