Ерекше

Коммуналдық тарифтер күрт қымбаттап кетпей ме – Жұманғарин жауап берді

Үкімет 16 қазаннан бастап барлық тұтынушы топтары үшін коммуналдық тарифтердің қымбаттауын 2026 жылдың I тоқсаны біткенше тоқтатып қойды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРҒА ӘСЕРІ ҚАНДАЙ

Мораторийден кейін коммуналдық тарифтер күрт қымбаттауы мүмкін бе, жоқ па деген сұраққа Үкіметте вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жауап берді.

«2026 жылдың II тоқсанынан бастап тарифтердің өсуі инфляцияның нысаналы деңгейімен үйлестіріліп, теңгерімді түрде іске асырылады», – деді Жұманғарин.

Әлеуметтік осал топтар үшін тұрғын үй көмегінің қолданыстағы тетігі сақталатын көрінеді. Ол бұрынғыдан да нақтыланып, тек ең мұқтаж азаматтарға ғана беріледі.

Вице-премьердің айтуынша, шектеулер күшінде тұрған кезеңде монополистердің инвестициялық міндеттемелерін орындауына кешенді тексеріс жүргізіледі.

Әлеуметтік осал топтар үшін тұрғын үй көмегінің қолданыстағы тетігі сақталады. Ол бұрынғыдан да дәл бағытталып, тек ең мұқтаж азаматтарға ғана беріледі.

ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ

2026–2028 жылдары коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жаңғыртуға шамамен 3 триллион теңге жұмылдыру жоспарланып отыр. Бұл қаражат 30 мың шақырым инженерлік желіні жөндеуге бағытталады.

Еске салайық, 16 қазаннан бастап үкімет макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және экономикалық реформалардың кері әсерін төмендетуге бағытталған бірқатар шешім қабылдады. Атап айтқанда, барлық тұтынушы санаттары үшін коммуналдық тарифтердің өсуі 2026 жылдың I тоқсанының соңына дейін уақытша тоқтатылған.

Back to top button