Ерекше

“Қайрат” Чемпиондар лигасы аясындағы ойындарын Астанада өткізеді

Алдағы қыста өтетін Чемпиондар лигасы ойындары ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматыда емес, жабық “Астана Аренада” өткізіледі, деп хабарлайды Tizgin.kz BES.media-ға сілтеме жасап.

НЕЛІКТЕН АУЫСТЫРЫЛДЫ

“Қайрат” футбол клубы мен УЕФА өзара келісімге келіп, 9 желтоқсанда өтетін “Олимпиакоспен” және 20 қаңтарда болатын “Брюггемен” матчтарды Алматыдан Астанаға ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Алматыдағы Орталық стадионда қыс мезгілінде матч өткізу бірқатар қиындық туғызады. Қатты аяз, стадионның үсті жабылмайды және қардың қалың түсу қаупі жанкүйерлер үшін қолайсыздық тудырады. Алаң сапасына да кері әсер ететін көрінеді. Клуб өкілдерінің хабарлауынша, жабық аренаға көшу қалың жанкүйерге қолайлылық сыйлайды.

БИЛЕТ БАҒАСЫ ҚАНША
Билет сатылымы 28 қарашада Qairat SuperApp және Freedom SuperApp қосымшаларында басталады. Бағасы 15 мыңнан 50 мың теңгеге дейін, бір адамға — ең көп дегенде екі билеттен.

Back to top button