қамау

Алты ай бойы аңдыған: Астанада сталкер қамауға алынды

Астанада қала тұрғыны қарсылығына қарамастан жәбірленушіні алты ай бойы аңдыған, деп хабарлайды Tizgin.kz. Қала прокуратурасының хабарлауынша, байланысты тоқтату туралы талаптарды, мессенджерлердегі бұғаттауды, сондай-ақ қолданыстағы қорғау нұсқамасын елемей, ер адам жәбірленушінің тұрғылықты және жұмыс орны бойынша оны қудалау арқылы, оның келісімінсіз…

Белсенді Ермек Нарымбай екі айға қамауға алынды

Журналист Лұқпан Ахмедияров белсенді Ермек Нарымбай екі айға қамауға алынғанын жазды, деп хабарлайды Tizgin.kz. «Түнде, сағат 1:23-те Астана қаласының соты қаулы жариялады. Оған сәйкес Ермек Нарымбай осы жылдың 3 сәуіріне дейін қамауға алынды», — деп хабарлады Ахмедияров бейсенбі күні әлеуметтік…

Талдықорғанда үш жасар баласын сабаған ер адам қамауға алынды

Полицияның хабарлауынша, 2 ақпанда кешқұрым медицина мекемесінен үш жасар баланың денесінде соққы іздері бары жайлы құзырлы органдарға хабарлама жеткен. Ізінше, көп өтпей сол баланың әкесі қамауға алынды, деп жазады Tizgin.kz. Денесі көгерген баланың антүршігерлік видеосы әлеуметтік желіге тараған еді. Видеода…

17 жыл құлдықта болған Құндыз бен Назгүлдің қамқоршысы қамауға алынды

Зүлфия Төленова уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Стан.кз. Бұған дейін журналист Руслан Өтепбай құлдықта болған екі адамның мәселесін көтеріп, желіде оқиғаны ашық көрсеткен еді. Басылым көп өтпей қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлігі “Азаптау” және 140-бабының 3-бөлігі “Екі немесе одан да…

Жаркентте баласын аяусыз сабаған әйел қамауға алынды

Оқиға Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласында болған, деп хабарлайды Tizgin.kz. Полиция тексеріс жүргізіп, 28 жастағы әйелдің балаға дене жарақатын салғанын анықтаған. Осылайша іс бойынша қылмыстық іс қозғалған. Әйел бөлімшеге жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ал екі бала мән-жай анықталғанға…

ҚазТАГ ештеңе бүлдірген жоқ – Бапи

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Freedom Finance компаниясының арызы негізінде қамауға алынған ҚазТАГ бас редакторы Әмір Қасеновтің ұсталуы жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Tizgin.kz. Депутат бұл пікірін журналистердің сұрағына берген жауабында айтты. «ҚазТАГ-пен байланысты жағдай мүдделі күштердің әрекеті ме деп ойлаймын.…

Думан баяғыдай бірбеткей, тікмінез, турашыл – Бапи қамаудағы журналистпен кездесті

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Қызылордаға барып, абақтыда отырған Думан Мұхамедкәріммен кездесіп қайтқанын әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Tizgin.kz. БАПИ НЕ ДЕЙДІ Депутат әлеуметтік желіде қалдырған жазбаны сөзбе сөз келтіреміз: «Облыстағы жігіттер дайындап берген күздік соғымнан сыбаға апардым. Колония әкімшілігіне рақмет:…

«Жамандықты тез тауып аламыз»: Садырбайдың тергелуі жайлы сұрақ Сапаровтың шамына тиді

Үкіметтің баспасөз мәслихатында бүгін журналистердің бірі ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа қамаудағы Алмасбек Садырбай жөнінде сұрақ қойды, деп хабарлайды Tizgin.kz. Әуелі бір кездері Қазақстандағы агросалада аты танылған байлардың Қазақстан президентіне алғыс хат жолдауы жайлы сұрақ қойылды. Сапаров бұл алғыс хаттың…

Қазақтарды «мәмбетке» теңеген блогер елден қашпақ болған

Қарағандылық кәсіпкер әрі блогер Алика Мұхамадиева ұлтаралық араздық қоздыру күдігімен екі айға қамалды, деп хабарлайды деп хабарлайды Tizgin.kz тілшісі. Оның үстінен қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-бөлігі бойынша іс қозғалды. Оның қазақтарды «калбитке», мұсылмандарды «шошқаға» теңеген сөзі желіде тарап кеткен еді. Threads желісінде бұған…