Бірнеше дереккөз мәліметінше, аса жеңіл салмақтағы Азат Мақсұм (15-3) UFC ұйымымен қош айтысады, деп хабарлайды Tizgin.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Кеше Абу-Дабиде (БАӘ) өткен UFC 321 турнирінде Мақсұм америкалық Митч Рапозоға (9–3) сенсациялық түрде есе жіберді. Бұл кездесу оның UFC-дегі келісімшарты бойынша соңғы жекпе-жегі болатын. Анықталғандай, ұйым басшылығы қазақстандық спортшымен келісімді жаңартпау туралы шешім қабылдаған.
UFC ростерінен сонымен қатар бразилиялық Жаклин Аморим (10–2) де шығарылды. Ол дәл сол турнирде жапон Мидзуки Иноэге (16–6) жол берген. Сондай-ақ тізімнен мысырлық Хамди Абдель Вахаб (7–1) пен америкалық Крис Барнетт (23–10) те алынып тасталды. Екеуі де өзара жекпе-жек өткізген болатын.
Айта кетейік, Азат Мақсұм UFC-де жүргенде көрсеткіші бір рет жеңіп, үш рет жеңілді. Ол америкалық Тайсон Нэмды (21–14–1) төрешілер шешімімен ұтып, алғашқы жеңісіне жеткен еді. Өкінішке қарай, америкалық Чарльз Джонсон (18–7), ресейлік Тагир Уланбеков (17–2) және Митч Рапозоның осал тұсын таба алмады.








