Франция премьер-министрі Себастьен Лекорню 6 қазан күні таңертең отставкаға кетті. Ол бұл лауазымда бар болғаны 27 күн жұмыс істеп, ел тарихындағы ең қысқа мерзім қызмет атқарған үкімет басшысы атанды, деп хабарлайды Tizgin.kz rtvi.com-ға сілтеме жасап.
НЕ ҮШІН КЕТТІ
Le Figaro Франция президенті Эммануэль Макрон оның отставқасын қабылдады деп жазды. Бұл жөнінде республиканың үкіметінің ресми сайтында да жарияланған.
BFM TV телеарнасының хабарлауынша, Лекорню отставкаға кетерден бір күн бұрын жаңа үкімет құрамын ұсынған болатын. Жаңа кабинетке негізінен бұрынғы министрлер мен Макронға жақын жүргендер енген. Le Dauphiné Libéré басылымы нақтылап өткендей, ұсынылған 18 үміткердің 11-і бұған дейін де министрлер кабинетінде жұмыс істеген.
6 қазанда Лекорню Елисей сарайына келіп, Макронмен бір сағаттан астам уақыт сөйлесті. Осы кездесуден кейін президент премьердің отставқасын қабылдағаны туралы ресми түрде мәлімделді.
Бұрынғы қораныс министрі Себастьен Лекорню Франция премьер-министрі болып 9-шы қыркүйекте тағайындалған болатын. Ол отставкаға кетемін деген күннің ертесінде, оның үкіметі тағайындалған соң Париж қор биржасының индексі ашылған бір сағаттан соң 1,73% төмендеді.
Эммануэль Макрон президенттікке келген соңғы сегіз жыл ішінде Францияда жеті бірдей премьер-министр ауысты. Олар: Эдуар Филипп, Жан Кастекс, Элизабет Борн, Габриэль Атталь, Мишель Барнье, Франсуа Байру және Себастьен Лекорню.








