«Самұрық-Қазына» қорының жалпы қарызы 10 трлн теңгеден асқанын Tizgin.kz порталының тілшісіне қор басшысы Нұрлан Жақыпов айтты.
ЖАҚЫПОВ НЕ ДЕЙДІ
Ақорда кулуарында «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Нұрлан Жақыпов қорға қарасты компаниялардың жалпы қарызы қанша екені, қарызын жабу жағынан «қызыл аймаққа» енген ұлттық компаниялардың бар-жоғы сұралған.
«Біздің жалпы қарызымыз 10 трлн теңгеден астам құрайды. Бұл біз үшін ыңғайлы деңгей. Себебі біз бүкіл ковенанттарды дұрыстап сақтап жүрміз. Екіншіден, біздің бүкіл қаржылық коэфиценттер, атап айтқанда ковенанттар «жасыл аймақта» — дейді ол.
Жақыповтың сөзінше, ұлттық компаниялардың бәрі де қарыз жағынан «жасыл аймақта» екенін айтады.
«Біз мәселені арнайы бақылауда ұстап отырмыз. Бүкіл қаржы институттары, өндіруші компаниялар қарызды тартады. Өндірістік бағдарламаларын іске асыру үшін қарыз тарту жаһандық тәжірибе саналады», — дейді ол.
ҚТЖ ҚАРЫЗЫ — 3,2 ТРЛН ТЕҢГЕ
Tizgin.kz порталының тілшісі ҚТЖ басшысы Талғат Алдыбергеновке жақында берген жауабында өзі басшылық ететін ұлттық компанияның қарызы 3,2 трлн теңге екенін айтқан еді.
2023 жылы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ (ҚТЖ) басшылары мен директорлар кеңесі мүшелеріне төленген жалпы сыйақы сомасы 790 млн теңгені құраған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 200 млн теңгеге артық. Мұндай дерек компанияның жылдық есебінде келтірілген.








