Жөл-көлік оқиғасы Астанадағы Қабанбай батыр даңғылында болған, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Тараған видеоға қарағанда, автобус қалалық маршрутта жүрген көлікке ұқсамайды.
«Қабанбай батыр көшесінде болған жол-көлік оқиғасы салдарынан 14 адам жедел жәрдем арқылы қалалық көпсалалы стационарларға, сондай-ақ Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығына жеткізілді. Қабылдау бөлімінде барлығы салалық мамандардың тексеруінен өтті. Осы орайда зардап шеккендердің бірқатары амбулаторлық емдеуге жіберілді, ал қалғандары қосымша тексеруден өтіп жатыр. Зардап шеккендердің басым бөлігі жеңіл түрде жараланған, — делінген қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінде.
Қалалық полиция департаменті әзірге бұл оқиға жөнінде ақпарат таратқан жоқ.








