ЕрекшеЖаңалықтарҚоғам
Шымкентте құрылыс басқармасының басшысы ұсталды
Шымкентте сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешов ұсталды, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы.
ОЛ НЕ ҮШІН ҰСТАЛДЫ
Арман Әбдешов бөтен мүлікті иемденді деген күдікке ілініп отыр. Істі ҰҚК-ға қарайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергей бастаған.
Ұсталған шенеунік қызметке биыл ақпанда ғана келген. Әбдешовтің ұсталған уақыты қала әкімінің орынбасарына жасалған қастандық ісімен қатар келіп отыр.
Әбдешев ұсталған тұста қаланың құрылыс басқармасының сайты істемей қалған.