Трамп Ресей мұнайын сатып алушыларға қарсы жаңа тарифтер енгізуге дайын

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейдің энергетикалық ресурстарын сатып алуды жалғастырып жатқан елдерге қосымша тарифтер енгізуді қарастырып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Аталған елдердің ішінде Қытай да бар. АҚШ басшысының айтуынша, Үндістаннан келетін экспортқа салынатын баж салығы жақын күндері, тіпті бір тәуліктің ішінде-ақ арттырылуы мүмкін.

Біз бұл бағытта белсенді әрекет етеміз. Аз уақыт ішінде не боларын көре жатармыз, – деді Трамп.

Сонымен қатар ол Ресеймен сауда қатынасын жалғастырып жатқан елдерге қатысты нақты салық мөлшерін атамағанын жеткізді.

Алайда Bloomberg порталы АҚШ президентінің шілде айында журналистерге берген сұхбатында егер 50 күн ішінде келісім жасалмаса, 100%-ға жететін «өте қатаң баж салығын» енгізуге дайын болғанын еске салды.