Десе де бұл игілікті тек осал топтағы азаматтар көре алады, деп хабарлайды Tizgin.kz тілшісі.
Ресми ақпаратқа сәйкес егер тұрғын Біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) тұрғын үй сатып алуға немесе емделуге пайдаланса және сол сомаға ЖТС (жеке табыс салығы) ұсталса – оны қайтару мүмкіндігі бар.
– Егер сіз әлеуметтік осал санатқа жататын болсаңыз, ұсталған ЖТС қайтаруға құқығыңыз бар. Ең бастысы – өтініш беру мерзімі 5 жылға дейін ұзартылды, (бұрын 3 жыл болатын – көп адам үлгермей қалған) – делінген БЖЗҚ АҚ-ның телерамдағы ақпаратында.
САЛЫҚҚА ҰСТАЛҒАН АҚШАНЫ КІМДЕР ҚАЙТАРА АЛАДЫ
Егер сіз төмендегі санаттардың біріне кірсеңіз
- 1, 2 немесе 3 топтағы мүгедектігі бар адам
- Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-ана, қорғаншы немесе қамқорш, асырап алушы
- Соғыс ардагері (толық тізбесі Салық кодексінің 346-бабында көрсетілген)
АҚШАНЫ ҚАЛАЙ ҚАЙТАРУҒА БОЛАДЫ
- Жақын жердегі БЖЗҚ филиалына барыңыз;
- Өтініш толтырыңыз;
- Құжаттарыңызды өткізіңіз;
- Егер салық бұрын ұсталған болса, ЖТС жеке зейнетақы шотыңызға қайтарылады.
Ал егер салық кейінге қалдырылған болса, оны төлеудің қажеті болмайды.
Мерзімі – 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді.








