Әлеуметтік желілерде Астана қаласының тұрғындары қаңтар айында коммуналдық шығындардың күрт қымбаттап кеткенін жазып, дәлел ретінде түбіртектерді жариялап жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Астаналықтар желтоқсанмен салыстырғанда қаңтардағы коммуналдық шығындар 10 мың теңгеге қымбаттап кеткенін жазады. Тіпті кейбір тұтынушылар сома өткен аймен салыстырғанда екі-үш есеге дейін артқанын хабарлаған.
«Астана-Теплотранзит» АҚ есептеулердің өсуін ауа райының суытуымен түсіндірді (қаңтар айындағы орташа температура –14,3 °C болды, желтоқсанда –8,1 °C, ал қарашада +0,36 °C болған). Сондай-ақ 1 қаңтардан бастап ҚҚС бойынша өзгерістер техникалық сипатта екенін және негізгі фактор еместігін нақтылады.
Қайда жүгінуге болады
Есептеулерге қатысты сұрақтар бойынша тұрғындар компанияның кеңселеріне немесе көрсетілген телефон нөмірлері мен электрондық пошта арқылы колл-орталыққа жүгіне алады.
Сонымен қатар, 2025 жылғы 16 қазаннан бастап Қазақстанда коммуналдық тарифтердің көтерілуі 2026 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін тоқтатылған.








