Үкіметтің кеңейтілген отырысында үкімет басшысы Олжас Бектенов еңбекақының ЖІӨ-дегі көрсеткіші шамамен 30 пайыздан асып тұрғанын айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Оның сөзінше, азаматтардың табыс деңгейінің артуы экономиканың өсу қарқынына сәйкес келмеді.
«Еңбекақының ЖІӨ-дегі көрсеткіші шамамен 30 пайыздан асып тұр. Бұл – Орталық Азиядағы жоғарғы көрсеткіш, бірақ біздің мақсатымыз – әлемдік орташа көрсеткіштің 40 пайызына жету. Жалақының өсу қарқыны бизнес табысынан, оның ішінен өз күімен әрі мемлекеттік қолдау институтымен алынған табыс динамикасынан артта қалып отыр. Осыған орай үкімет халықтың табысын арттыру үшін кешенді шаралар әзірлеуде», — дейді Бектенов.
Айта кетейік, дәл қазір үкімет ғимаратында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен кеңейтілген отырыс өтіп жатыр.








