Бұл туралы Конституциялық соты төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Оның айтуынша, «қатар» деген сөз «тең» деген сөзге ауыстырылады. Яғни:
«Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен қатар қолданылады».
Жалпы, 9-бапта мемлекеттік тіл туралы үш тармақ бар.
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
2. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
3. Мемлекет біртұтас Қазақстан халқының тілдерін үйрену және дамыту үшін жағдай жасауға қолдау көрсетеді.
Жобаның толық нұсқасын мына сілтемеден оқуға болады.








