Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Назарбаева қаңтар айында Алматыдағы Президент істері басқармасының медициналық орталығына қарасты Ұлттық госпитальдан, яғни халық арасында «Совминка» деп аталатын медициналық мекемеден шығып кеткен. Бұл туралы мекеме әкімшілігі Информбюро ресми сауалына берген жауабында хабарлады.
Экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібайдың мәліметінше, Сара Назарбаева 2025 жылдың сәуір айында «Совминкаға» жатқызылған. Сол кезеңде бейресми дереккөздер мен бұқаралық ақпарат құралдарында тұңғыш президенттің жұбайының денсаулық жағдайы мен нақты қайда екеніне қатысты түрлі болжамдар мен бір-біріне қайшы ақпараттар тараған болатын.
Алайда клиниканың баспасөз қызметі дәрігерлік құпияны алға тартып, Назарбаеваның диагнозы мен жағдайына қатысты мәліметті жарияламады.








