Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп жазады Ақорда.
Өмірбаяны
Елнұр Бейсенбаев 1986 жылы 27 маусымда Түркістан облысы Кентау қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Саясаттанушы, әлеуметтік ғылымдар магистрі.
Еңбек жолын «Жастар үні» жастар қоғамдық ұйымында маман ретінде бастап, кейіннен 2009 жылы төраға болып тағайындалған. 2012-2015 жылдары тарих пәнінің мұғалімі, Қазақстан коммунистік халық партиясының Алматы қалалық филиалында идеология және насихат жөніндегі хатшы қызметтерін қоса атқарған. 2016 жылдан 2017 жылға дейін Алматы қаласы әкімдігінің жастар жобалары және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің басшысы, жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы лауазымдарында еңбек еткен.
2017 жылы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы өткізу барысында 3 000 волонтер жұмысын ұйымдастырып, оларға басшылық еткен. 2017 жылдан 2018 жылға дейін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 5000-нан астам студент білім алып тұрған тұста, тәрбие жұмысы департаментінің директоры болып жұмыс атқарған.
2019 жылы Астана қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі болған. 2020 жылы «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы болып сайланған.
2021 жылғы қаңтардан 2023 жылғы қаңтарға дейін — жетінші шақырылған Парламент мәжілісінің депутаты болды. 2023 жылғы қаңтардан 2023 жылғы тамыз аралығында «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы қызметін атқарды. 2023 жылдың
«Құрмет» орденімен (2021 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016 ж.), «Халық алғысы» (2020 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» (2021 ж.) медальдарымен, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтың (2016 ж., 2020 ж.), Қазақстан Республикасының президенті Қ. К. Тоқаевтың (2019 ж., 2020 ж.) алғыс хаттарымен марапатталған.
Үйленген, төрт баласы бар.








