Атырау облысы Құлсары қаласында мектеп оқушысының басқа балаларға балта ала жүгірген видеосы желіде бұған дейін көп талқыланған еді. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова аталған мектептің директоры қызметінен босатылғанын мәлімдеді, деп жазады Tizgin.kz.
Осы әрекетке барған 10-сынып оқушысы қамауға алынған.
Бүгін министр Жұлыз Сүлейменова осы мектептің директоры жұмыстан босатылғанын хабарлады. Одан бөлек Оқу-ағарту министрлігі Атырау облысына комиссия жіберіп, мектептерді тексергелі отыр.
Полицияның хабарлауынша, 5 ақпан күні «102»-ге Құлсарыда 10-сынып оқушысы қатарластарымен төбелесіп, оларға шабуыл жасап, артынша мектеп аумағында бой тасалағаны туралы хабарлама түскен. Оқиға салдарынан екі оқушы жеңіл дене жарақатын алған.
Хабарлама түскен бойда оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетіп, жасөспірім ұсталған. Оқиғаға қатысушылар мен олардың ата-аналары полиция бөліміне жеткізілген. Бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. 15 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, ішкі істер органдарының есебіне алынған.
Сондай-ақ жасөспірімнің ата-анасына қатысты кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалды. Қылмыстық іс аясында қылмысқа ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы білім беру бөліміне ұсыныс енгізілген. Мектеп пен күзет қызметінің жұмысына да құқықтық баға берілмек.
Посмотреть эту публикацию в Instagram








