Жұрт назарынан жоғалған Дариға Назарбаева бой көрсетті

Қазақстанның экс-президентінің үлкен қызы Дариға Назарбаева Астанадан Алматыға шыққан ұшақта бой көрсетті. Оның фотосын белгілі блогер Әлішер Елікбаев телеграм-арнасында жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Оны тұрақты рейстермен ұшады деп ойламаппын. Ұшақ шығарда көзім ілініп, қонарда қарасам, көрші креслода Дариға Нұрсұлтанқызы отыр екен. Оққағарының бойы менікімен бірдей, бірақ екі есе төртпақ», — дейді ол.

Дариға Назарбаева — Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы. Ол әр жылдары мәжіліс депутаты, вице-премьер, сондай-ақ 2019-2020 жылдары сенат төрағасы қызметтерін атқарып, елдің саяси өміріне араласқан. Қаңтар оқиғасынан кейін қызметінен кеткен соң көпшіліктің көзіне көрінбей кеткен.