Жауын-шашын, көктайғақ, кей жерде боран – 6 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 6 ақпан, жұма күніне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Астанада күн бұлтты, қар жауады. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с-ке дейін жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -1…-3°C болып, біртіндеп төмендейді.

Алматыда күн құбылмалы бұлтты, жаңбыр аралас қар жауады. Жел 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +4…+6°C.

Шымкентте күн құбылмалы бұлтты, жаңбыр аралас қар, жел 15–20 м/с. Ауа температурасы тәулік бойы +2…+4°C шамасында болады.

Ақтауда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Жел 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде -10…-12°C, күндіз 0…-2°C.

Ақтөбеде күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2–4 м/с. Түнде -23…-25°C, күндіз -14…-16°C.

Атырауда күн ашық, жауын-шашын болмайды. Жел 1–6 м/с. Ауа температурасы түнде -18…-20°C, күндіз -7…-9°C.

Жезқазғанда күн құбылмалы бұлтты, қар жауады. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с-ке дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -2…-4°C, суытады.

Қарағандыда күн құбылмалы бұлтты, жаңбыр аралас қар жауады. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с-ке дейін. Түнде 0…-2°C, күндіз 0…+2°C.

Көкшетауда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде -18…-20°C, күндіз -15…-17°C.

Қонаевта күн құбылмалы бұлтты, жаңбыр аралас қар күтіледі. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с-ке дейін. Түнде -1…+1°C, күндіз +5…+7°C.

Қостанайда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с. Түнде -23…-25°C, күндіз -15…-17°C.

Қызылордада күн құбылмалы бұлтты, сулы қар жауады. Жел 8–13 м/с, екпіні 17 м/с-ке дейін. Ауа температурасы тәулік бойы -4…-6°C.

Павлодарда күн құбылмалы бұлтты, сулы қар жауады. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с-ке дейін. Түнде -3…-5°C, күндіз 0…+2°C.

Петропавлда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с. Түнде -21…-23°C, күндіз -15…-17°C.

Семейде күн құбылмалы бұлтты, сулы қар жауады. Жел 7–12 м/с, екпіні 15–20 м/с-ке дейін. Түнде -8…-10°C, күндіз +1…+3°C.

Талдықорғанда күн құбылмалы бұлтты, жаңбыр аралас қар күтіледі. Жел 3–8 м/с. Түнде -4…-6°C, күндіз +5…+7°C.

Таразда күн құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады. Жел 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с, кей сәттерде 30 м/с-ке дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы тәулік бойы +2…+4°C.

Түркістанда күн құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады. Жел 15–20 м/с. Ауа температурасы +2…+4°C.

Оралда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5–10 м/с. Түнде -23…-25°C, күндіз -15…-17°C.

Өскеменде күн құбылмалы бұлтты, сулы қар күтіледі. Жел 7–12 м/с, екпіні 15–20 м/с-ке дейін. Түнде -5…-7°C, күндіз +1…+3°C.