Экономист бюджетке ең тәуелді облыстарды атады

Экономист Руслан Сұлтанов ел өңірлерінің табыс көздеріне талдау жасап, бірқатар аймақта қаржылық дербестікке жету әлеуеті әзірге қалыптаспаған деген қорытындыға келді, деп хабарлайды Tizgin.kz kz.kursiv.kz-ке сілтеме жасап.

ЕСЕП-ҚИСАБЫ ҚАЛАЙ ШЫҒАРЫЛДЫ

Зерттеуге республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттердің қысқаруы және Ұлттық қордан нысаналы трансферттердің болмауы түрткі болған. Рейтинг 2023-2025 жылдар аралығындағы екі негізгі көрсеткішті салыстыру негізінде жасалды:

  • салық түсімдерінің өсуі мен трансферттердің өсуі арасындағы айырмашылық;
  • өңір бюджеті кірістерінің жалпы көлеміндегі трансферттердің үлесі.

Талдау барысында донор өңірлер есепке алынбады. Қалған аймақтар қаржылық өзін-өзі қамтамасыз ету белгілері бар өңірлерден бастап, бюджетке тұрақты тәуелді модель қалыптасқан аймақтарға дейін бес топқа бөлінді.

ӨҢІРЛЕРДЕГІ ЖАҒДАЙ

Алғашқы топқа салық түсімдері трансферттерге қарағанда айтарлықтай жылдам өсіп жатқан, ал өңіраралық қолдау табыс құрылымында басымдыққа ие емес өңірлер кірді. Бұл аймақтарда қаржылық дербестіктің нақты негізі қалыптасып келеді.

Ақтөбе облысы:

  • салықтар: 2023 жылдан бері +196,8%;
  • трансферттер: +100,9%;
  • трансферттердің үлесі: 54,4%.

Алматы облысы:

  • салықтар: +153,5%;
  • трансферттер: +89,1%;
  • трансферттердің үлесі: 33,5%.

Павлодар облысы:

  • салықтар: +137,1%;
  • трансферттер: +87,8%;
  • трансферттердің үлесі: 29,1%.

Қарағанды облысы:

  • салықтар: +147%;
  • трансферттер: +102%;
  • трансферттердің үлесі: 48,2%.

Қостанай облысы (шекаралық жағдай):

  • салықтар: +135,3%;
  • трансферттер: +91,8%;
  • трансферттердің үлесі: 59,9%.

Бұл топтағы өңірлер кіріс динамикасы мен құрылымы жағынан көшбасшыларға жақын болғанымен, өсімнің тұрақты әсері әлі толық бекімеген.

Ұлытау облысы:

  • салықтар: +147,7%;
  • трансферттер: +108,2%;
  • трансферттердің үлесі: 38,3%.

Шымкент қаласы:

  • салықтар: +151,7%;
  • трансферттер: +113,4%;
  • трансферттердің үлесі: 39,2%.

Шығыс Қазақстан облысы:

  • салықтар: +144,5%;
  • трансферттер: +108%;
  • трансферттердің үлесі: 57,2%.

Абай облысы:

  • салықтар: +48,9%;
  • трансферттер: +104,6%;
  • трансферттердің үлесі: 65,4%.

Ақмола облысы:

  • салықтар: +132,1%;
  • трансферттер: +102,7%;
  • трансферттердің үлесі: 64,4%.

Трансфертке байланған салық өсімі

Үшінші топқа салық түсімдерінің өсімі жоғары болғанымен, трансферттерге тәуелділігі өте жоғары күйінде қалған өңірлер енді.

Түркістан облысы:

  • салықтар: +165,7%;
  • трансферттер: +107,4%;
  • трансферттердің үлесі: 80,7%.

Жетісу облысы:

  • салықтар: +156,8%;
  • трансферттер: +118,1%;
  • трансферттердің үлесі: 78,2%.

Қызылорда облысы:

  • салықтар: +147,9%;
  • трансферттер: +117,7%;
  • трансферттердің үлесі: 77,2%.

Жамбыл облысы:

  • салықтар: +140%;
  • трансферттер: +112,5%;
  • трансферттердің үлесі: 72,1%.

Модель өзгермеген өсім

Төртінші топта табыстың өсуі байқалғанымен, қаржыландыру құрылымында жүйелі өзгерістер орын алмаған.

Маңғыстау облысы:

  • салықтар: +134,4%;
  • трансферттер: +120,1%;
  • трансферттердің үлесі: 41,2%.

Солтүстік Қазақстан облысы:

  • салықтар: +125,9%;
  • трансферттер: +106,3%;
  • трансферттердің үлесі: 72,1%.

Бюджетке тәуелді модель

Бұл санатта салық түсімдерінің өсуі трансферттердің одан да жоғары қарқынмен артуымен қатар жүріп, өңірдің қайта бөлінетін қаражатқа тәуелділігін күшейтеді.

Батыс Қазақстан облысы:

  • салықтар: +123,8%;
  • трансферттер: +125,5%;
  • трансферттердің үлесі: 57,9%.

БҰЛ НЕНІ БІЛДІРЕДІ

Руслан Сұлтанов рейтинг көшбасшыларының қаржылық дербестікке жету әлеуеті бар екенін, ал басқа өңірлер үшін салық базасын өсірмей тұрып трансферттерді қысқарту фискалдық қысым мен теңгерімсіздікке алып келетінін атап өтті.

«Бүгінде өңірлер арасындағы басты айырмашылық табыс өсімінің қарқынында емес, сол өсімнің қай көздерден қалыптасуында. 2026 жылғы жағдайда, яғни бюджеттік қайта бөлудің мүмкіндіктері айтарлықтай шектелген кезеңде, өңірдің өз экономикалық базасы есебінен табыс қалыптастыру қабілеті оның тұрақтылығының негізгі факторына айналып отыр», — деді экономист.

САЛЫҚ ТОЛЫҚ ЖИНАЛМАДЫ

Бұған дейін Қаржы министрлігі 2026 жылғы 1 қаңтарға арналған республикалық бюджеттің орындалуы жөніндегі есепті жариялаған болатын. Ведомствоның дерегінше, 2025 жылы бюджетке 676 млрд теңге көлемінде салық толық түспеген.

Жоспарланған 15,19 трлн теңгенің орнына салық түсімдері 14,46 трлн теңгені құрап, болжамнан 676 млрд теңгеге немесе 4,8%-ға кем болды.

Негізгі айырмашылық корпоративтік табыс салығы (КТС) есебінен қалыптасқан. Бұл салық түрінен 5,08 трлн теңге күтілсе, нақты түсім 4,53 трлн теңгені құрады (–10,9%). Қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша да түсім жоспардан 6,1%-ға төмен болып, 6,51 трлн теңгенің орнына 6,11 трлн теңге жиналды.

Ал салықтық емес түсімдер, керісінше, жоспардан 89%-ға артық қалыптасып, 823,1 млрд теңгеге жетті. Ұлттық қордан бөлінген трансферттер көлемі болжамға сай — 5,25 трлн теңге болды.