Серік Сәпиев пен орынбасары Дәурен Есімханов қызметінен кетті

Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов қызметінен кетті, деп жазады Tizgin.kz.

Олар өз еркімен қызметінен кеткен.

Сәпиевті орынбасары ұрғанын бұған дейін БАҚ жазған еді. Тараған ақпараттарға қарағанда, ол орынбасарымен төбелескен.

Қарағанды облысының полиция департаменті Tizgin.kz порталына Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғынының арызы негізінде ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растаған.

Сол күні кешке Сәпиев әлеуметтік желідегі төбелес жайлы шудан кейін үн қатып, арандатушыларға ермейтінін мәлімдеді. Артынша «облыстық спорт ұйымдарының басшыларын заңсыз ротациялауға әрекет жасалып, оған менің орынбасарым да қатысқан. Мен бұл заңсыз әрекеттерді тоқтаттым» деген. 

Өз кезегінде Дәурен Есімханов әлеуметтік желіде шағын жазба қалдырып, БАҚ пен желідегі мәліметтер «өтірік» екенін жеткізді.