Елде енді әскерге шақырылғандар саны ашық көрсетілмейтін болды, деп хабарлайды Tizgin.kz kaztag.kz-ке сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің “Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы “ ” № “Белгіленген мерзімді өткерген мерзімді әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасы азаматтарын 2026 жылдың наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы” Жарлығын іске асыру туралы” қаулысы» – делінген “Ашық НҚА” порталында жарияланған құжат жобасында.
Бұған дейін Қазақстанда Үкімет қаулылары жобаларында әскерге шақырылуы жоспарланған азаматтардың нақты саны көрсетіліп келген еді.








