ХХV қысқы Олимпиада ойындарын тікелей эфирде қай арналардан көруге болады

QAZAQSTAN және QAZSPORT телеарналары 6-22 ақпан күндері Италияның Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін ХХV қысқы Олимпиада ойындарын тікелей эфирде көрсетеді. Төрт жылда бір өтетін басты спорттық дода қазақстандық көрермендерге толық әрі жедел түрде ұсынылады.

Олимпиада кезеңінде жарыс алаңдарында телерадиокорпорацияның түсірілім топтары жұмыс істеп, көрерменге эксклюзивті жаңалықтар мен арнайы репортаждар жолдайды. Күн сайын QAZAQSTAN және QAZSPORT арналарында «Олимпиада күнделіктері» эфирге шықса, QAZSPORT телеарнасында «Милан — Кортина 2026» атты тікелей студиялық бағдарлама көрсетіледі.

Қысқы Олимпиада ойындарында спорттың сегіз түрінен 116 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазіргі таңда Қазақстан шорт-трек, конькимен жүгіру және мәнерлеп сырғанау спорт түрлері бойынша олимпиадалық квоталарға ие.

Жарыстарға әлемнің жүзге жуық елінен шамамен 3000 спортшы қатысады деп жоспарлануда. Бұл Олимпиаданың басты ерекшелігі — қысқы ойындардың тарихында алғаш рет бірден екі қаланың жарысты қатар қабылдауы.

Олимпиаданың ашылу салтанаты 6 ақпанда өтеді. Ашылу рәсімі мен барлық жарыс бағдарламасы QAZAQSTAN, QAZSPORT, Хабар және Jibek Joly телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.