MMACrossfire.com сайты аса жеңіл салмақтағы UFC файтері Асу Алмабаев келесі жекпе-жегінде сәтті өнер көрсетсе, дивизион рейтингісінің үздік бестігіне енуі мүмкін екенін атап өтті, деп хабарлайды Tizgin.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
28 ақпанда Мехикода (Мексика) Алмабаев промоушеннің бұрынғы чемпионы Брэндон Мореномен күш сынасады. Қазақстан уақыты бойынша жекпе-жек 1 наурыз күні таңертең өтеді.
«31 жастағы Алмабаев UFC-дің аса жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингіде жетінші орында тұр. Ол соңғы үш кездесуінің екеуінде жеңіске жетті. Соның ішінде қараша айында Катарда өткен UFC турнирінде Алекс Пересті сабмишенмен ұтқан айқын жеңісі бар. Келесі жылдың ақпан айында ірі жеңіске жетсе, ол бірден топ-5 қатарына кіруден үмітті», — делінген жарияланымда.








